Жаңалықтар тізбегі
0

Балқашта Onay! жол ақысын төлеу жүйесі енгізіледі

Оңай, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 01:59 Сурет: instagram.com/onay.kz/
Балқашта Onay! электрон жол ақысын төлеу жүйесі енгізіледі. Қала әкімдігі мұның бұл жүйе биыл қолданысқа енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Қайрат Камзин "Алматының көлік холдингі" ЖШС-мен бірге қаланың қоғамдық көлігінде Onay! электрон жол ақысын төлеу жүйесін енгізу және тиісті түрде жұмыс істеу бойынша меморандумға қол қойды.

Балқаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 01:59

Сурет: instagram.com/balqash_qalasy_akimdigi

"Onay! электрон төлем жүйесін енгізілуімен, Балқаш қаласының көлік инфрақұрылымы жақсы жаққа өзгереді. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар санын көрсетеді. Қанша адам қай автобуста және қай уақытта жүретінін көруге болады. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға болады – дұрыс қозғалыс кестесін жасауға көмек береді. Сонымен қатар, балқаштықтар Onay! мобильді қосымшасы арқылы қоғамдық көліктің қозғалысын бақылауға мүмкіндік алады. Мобильді қосымшаға жақын адамдардың карталарын қосуға болады. Мысалы, оқушылардың ата-аналары балаларының қозғалысын бақылай алады, баланың автобусқа қашан отырғанын және қай аялдамада екенін көре алады. Жақында бұл жүйе Қарағандыда анасына ұлын табуға көмектесті". Балқаш әкімі Қайрат Камзин

Балқашта Onay! жүйесін 2023 жылдың III тоқсанына іске қосу жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: