Астаналықтар енді жол ақысын жаңа әдіспен төлей алады
Сурет: Facebook/CTS
Елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлік ақысын жаңа әдіс – Bluetooth арқылы төлей алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде 2023 жылғы 21 желтоқсан күні "City Transportation Systems" ЖШС мәлім етті.
"Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны Bluetooth арнасы арқылы төлеуге болады", – делінген компанияның Facebook желісінде жарияланған хабарламасында.
Төлемнің бұл түрі Avtobys мобильды қосымшасы арқылы жүргізіледі: Ол үшін:
- Avtobys мобильды қосымшасын жүктеу.
- Қосымшаға телефон нөмірі арқылы тіркелу.
- Мобильды қосымшаның теңгерімін толтыру (әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдау) қажет.
"Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздың Bluetooth қосасыз, қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз".City Transportation Systems
Компания әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі жолақы төлеудің электронды жүйесінің жабдықтары орнатылған автобустарда жүргізілетінін ескертті.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript