Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мамин коронавирустан қорғанудың тиімді құралын атады

Үкімет отырысы, Асқар Мамин, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 09:29 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұрғанын айтты.

Коронавирус инфекциясынан ауырып жатқан науқастардың саны азаюда – инфекциялық төсек-орындар 24%, реанимациялық төсектер 21% толы. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбі «жасыл аймақта» орналасқан.

 Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта», Ақмола облысы «қызыл аймақта» тұр.

Денсаулық сақтау министрі, ревакцинация, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 09:29

Сурет: primeminister.kz

Бүгінгі таңда 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек адамдардың 77,5%-ы, сондай-ақ 8,2 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 72,4%-ы екінші компонентін алды.

Үкімет басшысы вакциналау қарқыны төмен Маңғыстау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында халықты вакциналаумен және ревакцинациямен қамтуды ұлғайтуды тапсырды. Әкімдіктерге Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен бірлесіп, халық арасында ревакцинациялау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

«Коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі тиімді құралы – вакцина алу мен ревакцинация», — деді А. Мамин.

Шетелде вирустың жаңа штаммының таралуын ескере отырып, Премьер-Министр елге сырттан келетін адамдарға мемлекеттік шекарада күшейтілген бақылау жасауды жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: