Жаңалықтар тізбегі
0

Микрочип шығарайық! Тоқаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс тастады

микрочип,  Еуразиялық экономикалық кеңес , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2021 17:01 Сурет: akorda.kz
Бұл машина жасау саласындағы кідірісті жояды, деп есептейді Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында микрочип өндірісін бастауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев одақтың машина құрастыру саласына жаңа бірлескен кәсіпорын қажеттігін айтты. Әлем бойынша электронды қызметтер мен өнімдерге сұраныс кейінгі 3 жылдан бері артып келеді. Инновациялық әрі технологиялық бұйымдар жасау секторында қызу бәсекелестік жүріп жатыр. Бірақ микрочип пен компьютерлік элементтердің жетіспеушілігі байқалады. Оның салдарын біздің елдердің машина құрастыру саласы көріп отыр. Сондықтан одақ тарапынан осы салада бірлескен кәсіпорын құру бастамасы көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтердің ғылыми-зерттеу институттарымен бірігіп аталған жобаны қолға алу керектігін атап өтті.

Біз үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып келеміз. Бұл ретте эксклюзивті, инновациялық технологиялық шешімдерге ғана емес, қарапайым цифрлық шығыс материалдарына да күрес болып жатыр. Бүгінде әлемдік нарықта компьютерлік элементтер мен микрочиптердің жетіспеуінен машина жасауда жүйелі кідірістер байқалып отыр. Бұл біздің елдердің машина жасау саласына да әсер етеді. Осыған байланысты біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен, машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер шығару бойынша бірлескен кооперативті жобаларды пысықтауды ұсынамын.Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетері, ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды. Шара онлайн форматта өтіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: