"Жасыл" мәртебесі вакцинаның толық курсын алғанда ғана бір жыл бойына сақталады

Жасыл мәртебе Сурет: Zakon.kz
Вакциналаудың екінші курсын алмаған жағдайда "жасыл" мәртебе "көк" түске ауыстырылады

Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтыланып өткендей, Covid-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алмағандар адамдар үшін, мысалы "жасыл" мәртебесі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады, ал 21 күн өткеннен кейін вакциналаудың екінші курсын алмаған жағдайда "жасыл" мәртебе "көк" түске ауыстырылады.

Covid-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алған адамдар үшін "жасыл" мәртебесі бір жыл бойына сақталады.

COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін "жасыл" мәртебесі ревакцинация алынған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.

Қаулы 2021 жылдың 10 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз