Алматыдағы өрт. Тұрғындарды құтқаруға 35 полиция қызметкері жұмылдырылды

Алтын бұлақ-2 ТК Сурет: Zakon.kz
27 адам құтқарылды, оның алтауы – балалар. Үш сәби шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді

“Алтын бұлақ-2” ТК тұрғындарын құтқаруға 35 полиция қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Брусиловский көшесінде орналасқан “Алтын бұлақ-2” тұрғын үй кешенінің 18 қабатты үйінен қою түтін шыққаны туралы дабыл қаққан хабар түнгі сағат он екілер шамасында келіп түскен.

ЖБО жедел кезекшісі өрт орнына дереу патрульдік полицияның 13 экипажын жөнелтті. Сондай-ақ, өрт орнына іргелес жатқан көрші аудандардан да адамдар тартылды. “Алтын бұлақ-2” тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқаруға және өрттің салдарын жоюға барлығы 35 полиция қызметкері қатысты. Қалалық полиция департаменті

Ең алдымен осы үйдің 177 тұрғыны эвакуацияланды.

27 адам құтқарылды, оның алтауы – балалар. “Жедел жәрдем” бригадалары жану өнімдерінен уланған 2020 және 2021 жылы туған үш сәбиді шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді. Алматы қалалық полиция департаменті

Сағат 01:45-те өрт сөндірілді. Оның себебін сараптама анықтайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз