Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өз-өзін атты

ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 04:18 ашық дереккөздерден алынды
Әскери қызметкер шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан оны құтқару мүмкін болмады.

Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР Ұлттық ұланның №5516 әскери бөліміндегі сарбаз өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу істерін жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың 21 қазанында, сағат 01.30 шамасында азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаз Оңғаров С.Б. постта тұрған кезде басына оқ тиіп, жарақаттанды. Әскери қызметкер шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан оны құтқару мүмкін болмады. Сағат 02.20-да сарбаздың өлімі тіркелді, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Өңірлік қолбасшылық қызметтік тергеу тағайындағаны атап өтіледі.

Қайғылы оқиғаның себептері мен салдары анықталуда.

Марқұм 20 жаста болған. Жігіт Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан әскери борышын өтеуге келген. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсауы ықтимал деген долбарға сенбейді.

Бас қолбасшылық, Ұлттық ұланның "Орталдық" Өңірлік қолбасшылығы марқұм сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: