Шымкентте бір әйел өз-өзін өртеп жіберді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 17:00 Pixabay
Әйелдің денесінің 80% күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Шымкентте бір әйел өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 3 желтоқсанда кешке Тассай мөлтек ауданында болған.

Полицияның мәліметінше, 1988 жылғы әйел Юсуф Сареми көшесіндегі алаңда үстіне жанғыш сұйықтық (бензин) құйып, одан соң от қойған.

Әйелдің денесінің 80% күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы, яғни "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Алдын ала ақпарат бойынша, әйелдің суицид жасауына сүйіктісімен ажырасуы себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: