Ақтөбе облысында кәріз бекетінде жарылыс болып, жұмысшы әйел қатты күйіп қалды
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Ақтөбе облысында кәріз сорғы бекетінде жарылыс болып, бір жұмысшы ауыр жараланды. Денесінің 95 пайызын күйік шалған әйел қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында болған. Кешкі кезекшілігін қабылдап алған жұмысшы сорғы бекетінің есігін ашып сіріңке тұтатқан. Осы кезде жиналған газ атылып, әйелдің денесі қатты күйген. Соған қарамастан ауыр жараланған әйел бекеттегі апат туралы күйеуіне хабарлап үлгерген. Денесінің 95 пайызын күйік шалған науқасты санавиация көмегімен облыс орталығындағы ауруханаға жеткізді. Жағдайы тым ауыр, деп хабарлайды КТК.
"Кәріз сорғы бекетінде 1975 жылғы әйелді күйік шалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол кәріз сорғылау станциясында бірнеше жыл қызмет атқарады. Аталған станция "Кеңқияқ СК" коммуналдық мекемесіне тиесілі. Қазір науқас Ақтөбе қаласына, облыс орталығына жеткізілді". Кеңқияқ ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Серікжан
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript