Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында екі жұмысшы кәріз суына тұншығып, қаза тапты

Орал, «Батыс су арнасы» , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 21:33 Сурет: pixabay
Оралда екі жұмысшы кәріз жүйесінің сорғы станциясын жөндеп жатқанда, диаметрі бір метрлік кәріз құбырынан атқылаған суға тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

40 және 51 жастағы апталдай екі азаматты құтқару мүмкін болмады, деп мәлімдеді «КТК» арнасының тілшісі.

«Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры Әнуар Аркеновтің сөзінше, бір жұмысшыны шығарып алғанмен, ол қайтыс болып кеткен.

Жедел жәрдем шақырдық. Кәріз құбырынан аққан лас су. Оны бір жұтсаң жетіп жатыр. Санаулы секундта адам тұншығып қалады. Біреуін өзіміз шығарып алдық. Бірақ аман алып қала алмадық. Ал екінші жұмысшы бұранда ашылып кеткенде соққы алды ма, ол жағын білмеймін. Жабылып жүріп шығара алмадық.Әнуар Аркенов

Құдықта қалған екінші жұмысшының денесін құтқарушылар алып шыққан. Апат таңертең болған. Қаланың су арнасы оралдықтарға кәріз құбыры жарылғанын хабарлап, суды тоқтатып тастаған. Жөндеу бригадасы екінші насос станциясына барып іске кіріседі. Екі жұмысшы коллекторға құбырлардың бағытын өзгертіп жалғау үшін жер астына түседі. Осы кезде көзді ашып-жұмғанша құдыққа лас су ағылып толып қалған. Екі жұмысшы кәріз суына батып кетті.

БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманының мәлімдеуінше, бұл қайғылы жағдай бойынша ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқиға орнында еңбек инспекторлары мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: