Алматыда жол полиция көлігі бір әйелді қағып кетті
Хабар 24
Қазір полиция көлігі қаққан әйел жансақтау бөлімінде жатыр.
Алматыдағы жол көлік оқиғасының куәгерлері полиция көлігінің жолдың қақ ортасында бір әйелді қағып кеткен видеосын Zakon.kz редакциясына жолдады.
Оқыс оқиға 4 қыркүйек күні таңертең Төле би мен Тұрғыт Озал көшелерінің қилысында орын алған. Қазір полиция көлігі қаққан әйел жансақтау бөлімінде жатыр.
Видеода әйел адамның аялдамадан түсіп, Төле би көшесімен тыйым салынған жерден жолды кесіп өтіп бара жатқанын көруге болады
Қалалық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, жол-патрульдік полиция көлігі ол уақытта өзінің учаскесінде тәртіпті қадағалап, бақылап жүрген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript