Ақтөбе облысында көлік жүргізушісі өзінің бір жасар баласын қағып кетті

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2021 20:55 pxhere.com
Салдарынан сәби басынан ауыр жарақат алып, жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысында көлік жүргізушісі өзінің бір жасар баласын қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, оқыс оқиға 7 тамызда бау-бақша ұжымы аумағында орын алды.

Opel Astra көлігінің 48 жастағы жүргізушісі өз үйінің ауласында артқа жүрмек болғанда бір жасар баласын қағып кетті. Салдарынан сәби басынан ауыр жарақат алып, жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда, әсіресе үй ауласында өте сақ болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: