Павлодарда жеңіл көлік жүргізушісі жасөспірімдерді қағып кетті

Павлодарда жеңіл көлік жүргізушісі жасөспірімдерді қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 22:49 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Павлодарда жеңіл көлік жүргізушісі жасөспірімдерді қағып кетті. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Mazda көлігінің жүргізушісі Сәтбаев-Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2008 жылы туған ұл бала травматология бөліміне "ығысуы бар оң жақ иық сүйегінің жабық сынығы" диагнозымен жатқызылды.

2007 жылы туған қыз бала травматология бөліміне жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақ жамбас буынының зақымдануы диагноздарымен жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: