Атырау облысы әкімінің орынбасарының ұсталғанын "Антикор" растады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2021 15:44 Сурет: Zakon.kz
Агенттіктің мәліметінше, күдікті адам ұсталып, Атырау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл іс бойынша әкім орынбасарымен бірге Атырау облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы да күдікті деп танылды.

Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін ЖШС басшысынан 145 млн теңге сомасында алдын ала сөз байласу арқылы бір топ болып пара алды деген күдікке ілінді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Агенттіктің мәліметінше, күдікті адам ұсталып, Атырау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, Бақытгүл Хаменова облыс әкімінің орынбасары лауазымына былтырғы 13 наурызда келген. Оған дейін «Нұр Отан» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды. Өңірлік мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының тізгіні 2020 жылдың маусым айынан бастап Ақылбек Рысқалиевтің қолында.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: