Түркістан облысына мұнай өнімдері жөнелтіледі - Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Сурет: Zakon.kz
Министрлікте атап өткендей, жергілікті жанар-жағармай құю желілеріне мұнай өнімдерін жөнелтуді алдын ала жоспарлау, сондай-ақ жанар-жағармайдың резервтік қорын қалыптастыру ұсынылды

Шымкентте ҚР Энергетика министрлігі Түркістан облысы әкімдігінің, Шымкенттегі МӨЗ және жанар-жағармай құю бекеттері өкілдерінің қатысуымен Түркістан облысына мұнай өнімдерін жөнелту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігі атап өткендей, Түркістанға мұнай өнімдерін жеткізу ақылы автожол арқылы жүзеге асырылады, бұл өнімнің құнына әсер етеді.

Кеңес қорытындысы бойынша, бүгінгі таңда Шымкенттегі МӨЗ штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, зауытта мұнай өнімдерін өндіру жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жанар-жағармай құю бекеттеріне мұнай өнімдерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында республикамыздың өзге мұнай өңдеу зауыттарына Түркістан облысының жанар-жағармай құю желілеріне жанар-жағармайды басымдық бере жөнелту бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Қазіргі уақытта облыстағы негізгі деген жанар-жағармай құю бекеттері шектеусіз жұмыс істеп жатыр. Энергетика министрлігі

Министрлікте атап өткендей, жергілікті жанар-жағармай құю желілеріне мұнай өнімдерін жөнелтуді алдын ала жоспарлау, сондай-ақ жанар-жағармайдың резервтік қорын қалыптастыру ұсынылды.

Қарашада бензин өндіру көлемі 444,5 мың тоннаны құрады (оның ішінде "ПКОП" ЖШС – 171,3 мың тонна), желтоқсанда жоспарланған өндіріс көлемі – 447,4 мың тонна (оның ішінде "ПКОП" ЖШС – 172,9 мың тонна). Бензиннің орташа тәуліктік өндірісі – тәулігіне 15,7 мың тонна, ірі МӨЗ-ден тәулігіне 14,5 мың тонна жөнелтіледі.

Осы жылдың 1 желтоқсанында Түркістан облысында (Шымкентті қоса алғанда) бензиннің жиынтық қалдықтары 14,2 мың тоннаны құрады, бұл ретте 10 желтоқсанда бензиннің жалпы қоры 15,4 мың тоннаға жетті, қалдықтардың 1,2 мың тоннаға ұлғаюы байқалады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз