Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысына дизель отынының қосымша партиясы жөнелтіледі – Энергетика министрлігі

Дизель отыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 18:57 Сурет: pixabay
Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Petrosun" АҚ, "Helios", "Газпромнефть-Қазақстан", "PetroRetail" және "Sinooil" сынды ірі желі өкілдерінің қатысуымен Алматы облысын жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысындағы дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады.

Жанар-жағармай құю бекеттері желілерінің ("Helios", "Газпромнефть-Казахстан", "PetroRetail" и "Sinooil") өкілдері атап өткендей, олардың қорындағы дизель отынының көлемі халықты осы отын түрімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

"Сонымен қатар, жанар-жағармай құю бекеттері желілерінің ақпараты бойынша, дизель отынына сұраныстың артуы байқалады (30%-дан астам), соның салдарынан кейбір бекеттерде белгіленген отынның тәуліктік көлемі тез түгесілуде. Шымкенттегі МӨЗ-дің жөндеуге байланысты тоқтауы өңірге мұнай өнімдерін жеткізуде белгілі бір шектеулерге әкеліп соқтырды", делінген хабарламада.

Сондықтан желі басшылығы дизель отыны жоғары тұтынылатын аудандарға жөнелтілетін көлемді ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Атырау МӨЗ және Павлодар МХЗ-дан шыққан 5000 тонна отын жолда келеді. ҚТЖ жанар-жағармай материалдарын уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді.

"7 сәуірде мұнай өнімдері өндірісін бастаған Шымкенттегі МӨЗ-де жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Өнімнің бірінші партиясы алдағы демалыс күндері жөнелтіледі деп жоспарланып отыр. Бұл ретте Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту жұмыстары қамтамасыз етіледі", - дейді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Алматы облысының Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: