Мұнай өңдеу зауыттарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді – Энергетика министрлігі
Сурет: Zakon.kz
Атырау мұнай өңдеу зауытында туындаған жағдайға байланысты Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшылығының қатысуымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау мұнай өңдеу зауытында туындаған жағдайға байланысты Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшылығының қатысуымен жедел кеңес өткізді, оның қорытындысы бойынша мұнай өңдеу зауыттарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
- апатты жағдайларды жою жоспарларына қатаң сәйкес әрекет ету;
- технологиялық жабдықтар мен құбырларға әсер ету ауқымын бағалау және жұмыс режимін қалпына келтірудің қажетті алгоритмдерін жасау.
"Бұл мәселе министрліктің бақылауында", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, Атыраудың тең жартысы кешке жарықсыз қалды. Бұған "KEGOC" АҚ-тың электр энергиясын беруді доғаруы себеп екені айтылады. Атырау мұнай өңдеу зауыты да апатты жағдайда жұмысын тоқтатты. Маңғыстау және Атырау облысының электр станциялары оқшау жұмыс режиміне көшті. Осы жағдайға байланысты Энергетика министрлігі қолда бар жанар-жағармай қоры еліміздегі қажеттілікті қамтамасыз етуге жеткілікті екенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript