Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жанжалға байланысты "ҚазМұнайГаз" тағы бір мәлімдеме жасады
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайды қарастыратын комиссияның жұмысы және тұрақты өндірістік процесс туралы мәлімет берді.
"Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр және мұнай өнімдерін жөнелтуде. 18 ақпандағы өндірістің орташа тәуліктік көлемі — автобензин 3,5 мың тонна, дизель отыны 2,5 мың тонна. Дизель отынын гидротазалау қондырғысының технологиялық режимге шығуына байланысты бүгінгі таңда тәуліктік өндіріс көлемі қалпына келтірілді. ҚМГ тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Комиссия жұмысы жалғасуда", — деді Д.Макеев.
Оның айтуынша, дизельдік отынды гидротазалау қондырғысының технологиялық режимге өтуіне байланысты қазір күнделікті өндіріс қалпына келтірілді.
"ҚМГ барлық қажетті шараларды қабылдауда, комиссия жұмысын жалғастыруда", - деді Дмитрий Макеев.
2024 жылдың 16 ақпанында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директорының орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовтың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдағаны белгілі болды. Ол апелляциялық шағымында Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаевты жөнсіз әрекетке барды деп айыптады.
Бұдан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев мемлекет басшысына хат жолдап, қарамағындағылардың айыптауларына жауап берді.