Telegram скриншот жасауға және хабарламаларды көшіріп таратуға тыйым салады

Telegramның жаңа ережелері Суерт: pixabay
Telegram тағы да жаңа ережелерді бекітті

Telegram контентті қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін енгізді. Бұдан былай аталған арнада хабарламаларды көшіріп жіберуге, скриншоттауға тыйым салынады. Сонымен қатар жеке чаттағы белгілі бір кезеңдегі хат алмасуларды өшіруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Тelegram пайдаланушылары хат алмасу тарихын өздері басқарады әрі чаттағы барлық қатысушылардың хабарламаларын жоя алады. Қосымшаны пайдалану ыңғайлы болу үшін жаңа мүмкіндіктер енгізілді. Атап айтқанда, Тelegramға бір уақытта бірнеше құрылғы арқылы SMS хабарламасыз-ақ жылдам кіруге болады. Егер Тelegram-ға өзге құрылғылар арқылы кіріп, одан шығуды ұмытып кетсеңіз сеанстар автоматты түрде аяқталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз