Қазақстанда Telegram істен шықты

AKKet, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2019 20:31 AKKet
Telegram жұмысындағы ақаулыққа негізінен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Семей, Павлодар, Петропавлов қалаларының тұрғындары шағым жолдауда.

Қазақстанда кешеден бері Telegram мессенджері жөнді жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 мамырда кештен бастап көптеген қолданушылар Telegram-ның дұрыс жұмыс істемейтініне шағымданған.

downdetector.com сайтының дерегінше, Telegram жұмысына қатысты келіп түскен шағымдардың дені 1 мамырда сағат 22.00-ге тұспа-тұс келді. Есеп бергендердің 57% серверлерге шағым айтса, 13% хабар жіберу мен қабылдау мүмкін еместігін жеткізген. 2 мамырда сағат 14.00-дегі жағдайға сай, мессенджер әлі де жұмыс істемей тұр.

Telegram жұмысындағы ақаулыққа негізінен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Семей, Павлодар, Петропавлов қалаларының тұрғындары шағым жолдаған.

Редакция жағдайды түсіндіруді сұрап салалық министрлікке сауал жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: