Жаңалықтар тізбегі
0

Ұялы байланыс операторлары бетперде туралы хабарламаларды таратуға құлық танытпаған

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2020 22:59 liter.kz
Егер сап-сау болсаңыз, онда медициналық бетпердені тағудың қажеті жоқ!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирусқа қатысты арнайы баспасөз мәслихатында медициналық бетперденің төңірегіндегі жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз медициналық бетпердені өндіретін және оны тасымалдаумен айналысатын дистрибьюторлық компаниялардың этикаға қайшы өрескел әрекетін атап өткіміз келеді: олар қойма сақталған қорды Қытайға сатқан, соған байланысты үкімет оның экспортына тыйым салды. Одан бөлек, кейбір отандық тауар өндірушілердің халық тарапынан артқан сұранысты қанағаттандыра алмауларына байланысты медициналық бетпердені шетелдік өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ, біз Денсаулық министрлігінің осы бетпердеге қатысты жағдайы туралы SMS-хабарлама мәтінін де дайындадық: "Егер өзіңізден ЖРВИ белгілерін байқамасаңыз, бетпердені тағудың қажеті жоқ!" деген. Одан кейін ауруды жұқтырып алмаудағы алдын алу шаралары туралы кеңес те болды. Алайда, өкінішке орай, біздің әзірлеген бұл ақпараттық хабарламаларымызды ұялы байланыс операторлары таратуға құлық танытпады, - деді ол.

Барлық адам күнде бетперде тағып жүруі керек пе?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет деп хабарлайды:

- қолыңыз бен бетіңізді күнде сабындап, мұқият жуыңыз;

- қолға спирттен жасалған антисептиктерді қолданыңыз;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- науқас адамдардан бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз;

- суық тию белгілері пайда болған жағдайда (ыстық көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ісуі), бірден тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігерге қаралыңыз.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ:

- суықтап, ауру белгілері білінген жағдайда ғана бетперде тағу керек;

- коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық тағайындаулар бойынша ғана жүргізіледі.

Сондықтан, тағы еске саламыз, егер сап-сау болсаңыз, онда медициналық бетпердені тағудың қажеті жоқ!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: