Теннисшілердің еуропалық рейтингісінде қазақ баласы көш бастап тұр

Теннисшілер рейтингі Сурет: ktf.kz
Junior Masters – 14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылар қатысатын еуропалық іс-шара

Tennis Europe (TE) 2022 жылдың күзінде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы қазіргі уақытта еуропалық рейтингте 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында І-орында тұр, оның активінде 255 ұпай бар. Жас спортшы Еуропа Туры сериясындағы алты турнирге қатысты, олардың екеуінде жеңіске жетті. Заңғардың келесі жылы жасөспірімдер арасындағы Junior Masters-ке қатысуға үлкен мүмкіндігі бар.

Junior Masters – 14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылар қатысатын еуропалық іс-шара. Ол сегіз үздік ұл мен қыздан тұрады. Оның бұрынғы чемпиондарының қатарында Рафаэль Надаль, Ким Клейстер, Александр Зверев, Белинда Бенчич және тағы басқалары бар. Жарыс ATP Masters 1000, Rolex Monte-Carlo Masters додалары өтіп жүрген Монте-Карлодағы клубтың аңызға айналған корттарында болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз