Азия жасөспірімдер рейтингісінде қос қазақстандық теннисші көш бастап тұр

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 21:21 Сурет: ktf.kz
Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті. Бұл рейтингтің көшбасында Қазақстанның екі жас теннисші тұр. Бірі - астаналық Альбина Кәкенова, тағы бірі - алматылық Сафина Сафиуллина, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Альбина Кәкенова бұрынғыша көш бастап келеді. Оның есебінде 3922 ұпай бар.

Сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-ракетка) мен астаналық Ариана Гогулина (8-ракетка) үздік ондыққа енді.

Сурет: ktf.kz

Ал 16 жасқа дейінгі қыздар арасында алматылық Сафина Сафиуллина 720 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Алматылықтар Полина Слепцова алтыншы, Айя Нұпбай тоғызынша сатыда. Бозбалалар арасында астаналық Кәрім Темірлан 2-орынға жайғасса, алматылық Тихон Сорокин 7-сатыға шықты.

Сурет: ktf.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: