Зейнет жинағын пайдалану. Ереже тағы да өзгерді

Отбасы банк Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Отбасы банкіндегі депозитіңізге аударылған қаржыға сіз үш жыл ішінде баспана алып үлгеруіңіз қажет. Өйтпеген жағдайда тірнектеп жинаған ақшаңыз қордағы шотыңызға қайтарылады.

Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану ережелеріне тағы да өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біраз уақыт бұрын зейнетақы қорындағы шекті көлемнен асқан ақшасын белгілі бір мақсатқа пайдаланатынын азаматтар 45 күн ішінде растауы керек еді. Енді бұл мерзім бүгіннен бастап 20 жұмыс күніне дейін қысқарды. Аталған уақытта шекті сомадан асқан қаражатты жаратып үлгеруіңіз қажет. Ал, мерзім күнін есептеу онлайн-платформада өтініш жіберген уақыттан емес, бір жолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскен сәттен бастап есептеледі, делінген "Еуразия" бірінші арнасының арнайы сюжетінде.

Бұл жолы жауапты мамандар, 16 желтоқсаннан бастап азаматтар қорда жиналған қаражатты "Отбасы банкінің" депозитіне аударуға мүмкіндік пайда болатынын мәлімдеді. 

Сонымен зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банктегі депозиттерді келесі мақсаттарға пайдалануға болады: 

  1. Тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінен заем алу (оның ішінде бір банктік несие шарты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу)

  2. Отбасы банкінде заемды қайта қаржыландыру

  3. Жеке тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

  4. Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыру мүмкіндігінен бөлек, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.

Бірақ, Отбасы банкіндегі депозитіңізге аударылған қаржыға сіз үш жыл ішінде баспана алып үлгеруіңіз қажет. Өйтпеген жағдайда, тірнектеп жинаған ақшаңыз қордағы шотыңызға қайтарылады. Сондай-ақ, банк өкілдері өтініш беру үшін бөлімшелерге келудің қажеті жоқ екенін айтады. Барлық операцияларды онлайн платформа арқылы жүзеге асыруға болады.  

Өзгерістер бүгіннен бастап күшіне енді. Жаңа ережеге сай банктегі депозиттің өзін зейнетақы қорындағы қаржымен толықтыруға рұқсат берілді. Бұл төлемдерде ешқандай айырмашылық жоқ. Болашақта осы салымдар арқылы баспаналы болуға толық мүмкіндік бар. Сондай-ақ, азаматтар депозиттегі қаржыға 3 жыл ішінде жылжымайтын мүлік сатып алуы қажет».  "Отбасы банк" АҚ Заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің басшысы Гүлмира Датқаева

Сондай-ақ, «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы қорындағы жинақтарын алып жатқан 18 бен 25 жас аралығындағы жастардың үлесі 5% ғана екенін мәлімдеді. Ал, жастар жағындағы баспана мәселесі өте өзекті. Сондықтан, аталған азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етуге, қаржы жинауға ынталандыру үшін арнайы шаралар қабылдап жатыр. 

 «Енді, қазақстандықтар Отбасы банкіндегі шоттарына жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудара алады. Бұл азаматтарға алғашқы жарнаны тиімді түрде жинап, жақын арада қоныс тойын өз үйлерінде тойлауға көмектеседі. Ең бастысы, бұл мүмкіндікті жастарымыз қолдана алады. Жасы мен үлкен жұмыс өтілінің жоқтығына байланысты олардың жинақтары жеткіліксіз, алайда дәл осы жастарымыз үшін баспана мәселесі өте өткір тұр. Жаңа мүмкіндік осы мәселені шешуге арналған».

«ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВАНЫҢ ФЕЙСБУК ЖЕЛІСІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕСІНЕН

Зейнетақы жүйесіне жауапты мамандар халықты толғандырып отырған тағы да бірқатар сұрақтарға жауап берді. Ең алдымен аударылған зейнетақыны шешіп алуға болмайды. Ал, салымды туыстарына табыстаған жағдайда, банк шотындағы біржолғы зейнетақы төлемі қорға қайтарылады. Депозитті бөлу кезінде банк сыйақысын, егер депозит мерзімі 3 жылдан асса, онда мемлекет сыйақысын шешіп алуға болады. Ал, бір жолғы зейнетақы төлемі қорға қайтарылады. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерімен толтырылған салымдарды сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның депозит гаранты ретінде де қолдануға болмайды.

Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз