Түркістан облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Жол-көлік апаты, Түлкібас ауданы Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиға Түлкібас ауданы Азаттық ауылы Навои көшесінде болған. Жеңіл көлік жүргізушісі ер адамды қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Көлік қаққан елу жас шамасындағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жайт Түлкібас АПБ ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркелді. Белгісіз мәйітке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның Түлкібас ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Түлкібас аудандық полиция бөлімі

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан табылған заттай айқақтарды тексере келе, ер адамды Opel Vectra көлігімен қаққанын анықтады. Нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азамат қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз