Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 21:15 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде сағат 23:00 шамасында Іле ауданында "Нұрсұлтан – Алматы" автожолының 59-шақырымында оңтүстік бағытта келе жатқан белгісіз көлік Ақши ауылының 46 жастағы тұрғынын қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Оқиғаның мән-жайын мұқият талдаған іздестіру тобы жедел-іздестіру іс-шараларының жоспарын жасап, күдіктінің ізіне түсті. Тәртіп сақшылары көрші Қарасай ауданындағы жеке үйдің ауласында ЖКО іздері бар тығылған "Тойота Авалон" автокөлігін анықтап, тапты. Зақымданған орын ұқыпты түрде матамен жасырылған. Исаево ауылының 60 жастағы тұрғыны болып табылатын жүргізуші ұсталды. Ол өзінің адамды қағып кеткенін мойындап, оқиға орнынан қорыққаннан қашып кеткенін жеткізді.

"Жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты қылмыстардың санатын, жүргізушілер ЖКО орнынан қашып кеткен жағдайда ашу қиын. Алайда жеке уақытпен санаспай, жоспарлы және мұқият жұмыс істелсе, маңызды дәлелдерді тауып, күдіктіні әшкерелеуге әрқашан да мүмкіндік бар. Біздің ісімізде ұсақ-түйек болмайды, кейде ең кішкентай бөлшекте қашып кеткен жүргізушіні ұстауға көмектеседі", - дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ іздестіру тобының инспекторы полиция майоры Алдияр Тайбеков.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 21:15

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2020 21:15

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: