Қостанайда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Оқиға 26 шілде күні болған. Қостанай – Сұрған тас жолының 66 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шегуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
alau.kz сайтының жазуынша,күдіктіні іздеуге полицияның жеке құрамы жұмылдырылған. Оқиға орнынан көлік шамының сынықтары алынды.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 21 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript