Жаңалықтар тізбегі
0

Салық заңнамасына өзгерістер енгізілді

Салық кодексі, өзгерістер мен толықтырулар, , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2021 10:19 Сурет: pixabay
Салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 20 желтоқсан күні Мемлекет басшысы оған қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы осы жылдың 20 желтоқсанында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді.

Осыған байланысты аталмыш заңнамадағы кейбір өзгерістерге тоқталып өтсек.

«Салық төлеушінің төлқұжаты» енгізілді

«Салық төлеушінің төлқұжаты» ұғымы халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды), контрагенттерді және басқаларды ақпараттандыру үшін салық органдары қалыптастырған салық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтерге ашық қолжетімділікті ұсыну мақсатында енгізілген.

Салық төлеушінің төлқұжаты қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы қызметті жүзеге асырушы салық төлеушілермен бақылау-касса машиналары орналастырылған және халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерде орналастырылады.

  • 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Салықтық мобильді қосымша» ұғымы енгізілді

«Салықтық мобильдік қосымша» ұғымы енгізілді, ол арқылы жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінің есептелген сомалары туралы және (немесе) салық берешегінің бар сомасы туралы мәліметтер берілетін, сондай-ақ салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарламалар тапсырылатын болады.

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Көлік құралдарына салынатын салық өзгертілді

Қолданыстағы салық заңнамасы салық салу мақсатында шағын вагондарды қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынатын автомобильдер ретінде қарастырады.

Пандемия жағдайында шағын және орта бизнестің шығындарын азайту мақсатында шағын көлемді фургондарды жүк көтерімділігіне байланысты салық салу тәртібімен жүк автомобильдеріне жатқызу көзделген.

Ең жоғары рұқсат етілген массасы 3 500 килограмнан кем «B» санатындағы көлік құралдары Салық кодексінің 492-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ставкалар бойынша салықты есептеу жүргізілетін жүк автомобильдеріне жатқызылатын болады.

  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа АСР қолданатын адамдарды 3 жылға салықтарды төлеуден босатуды тарату

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-4-бабына толықтыру енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Көрсетілген баптың ережелері шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданатын субъектілерге таралатындықтан, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа АСР енгізілетінін ескере отырып, 57-4-бапқа қосымша жаңа АСР қолданатын тұлғаларға да 3 жылға салық төлеуден босатуды тарату көзделеді.

  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 Өзгерістерді толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: