Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Салық кодексі, Қасым-Жомарт Тоқаев, өзгерістер мен толықтырулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 21:05 Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуші Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Былтыр жыл соңында Президент отандық бизнес өкілдерімен жаңа Салық кодексін талқылаған болатын. Ал жуырда, 21 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында жаңа Салық кодексінің жобасы орналастырылғанын хабарлады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: