Қазақстанда 24 желтоқсанда қар жауады
Болжамға сай, еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
Еліміздің ауа райына солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді, қар жауып, оңтүстік өңірлерде жауын-шашынды болады. Тек республиканың батысында жауын-шашын болмайды. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста жел күшейеді, орталықта бұрқасын болады."Қазгидромет" РМК
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23-23 м/с жетеді.
Павлодар облысының батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын, тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде түнде тұман түседі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде солтүстікте, шығыста боран соғады, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында Алакөл көлдерінің маңында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді.