Тәуелсіздік күні ауа райы қандай болады

Қазгидромет, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 16:26 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 желтоқсанда Қазақстанда жауын-шашын жаумайды деп болжануда.

Тек елдің солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран борайды. Еліміздің кей жерлерінде қатты жел тұрып, тұман түседі. "Қазгидромет" РМК

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғып, батысында 15-20 м/с жел соғады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, тұман, батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының тау бөктерінде, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аймағында тұман түседі.

Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: