Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2019 20:36 pexels.com
Алдағы үш тәулікте қазақстандықтарды ауа райы қуантады.

Антициклонның ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз күндер күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында күндіз ауа +22…28°С дейін, кей жерлерде +30…33°С дейін жылынады.

Оңтүстік-шығыста жаңбыр тоқтайды, температура жоғарылайды.

Тек батыс облыстарында атмосфералық фронттармен бірге найзағай, өткінші жаңбыр күтіледі, бірақ бұл жерде де күндіз плюс 20...25, кей жерлерде 26…31°С дейін жылынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: