Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2018 18:42 baq.kz
Алдағы үш тәулікте ауа райы күрт өзгермеуі мүмкін.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 қазан аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суық арктикалық ауа массасының басып кіруі күннің суытуын және жауын-шашын болуына әсер етеді, әсіресе Қазақстанның барлық дерлік аумағында қар жауады. Алдағы үш тәулікте ауа райы күрт өзгермеуі мүмкін, - делінген хабарламада.

Дегенмен, бұрынғыдай көптеген облыста жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 3…5°С төмен болады. Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы, ауа температурасы күндіз плюс 12…20°С дейін жылынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: