Қазақстанда алдағы күндері ауа-райы қандай болады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz тілшісіне Қазақстанның алдағы үш күнге – 2024 жылдың 2 наурызы мен 4 наурызы аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, еліміздің шығысында суықтың біртіндеп әлсіреуі күтілуде.
"Қазақстанның басым бөлігінде теріс температура сақталса да, алдағы күндері көктемдей шуақты болады, тіпті еліміздің шығысында түнде суықтың біртіндеп әлсіреуі күтілуде -36 градустан -20 градусқа дейін", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында циклондардың әсерінен бұлтты ауа райы жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript