Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады?, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 15:20 Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер республиканың үш ірі қаласы: Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнге – 2024 жылдың 16-18 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

16 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 22-24 градус аяз.

17 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 29-31, күндіз 18-20 градус аяз.

18 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 12-14 градус аяз.

Алматы

16 қаңтар: бұлтты, түнде қар жауады. Кейде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз.

17 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аяз.

18 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз.

Шымкент

16 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз.

17 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

18 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

Алдағы үш күнде Қазақстанда -33 градусқа дейін аяз болатыны бұрын хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: