Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Әкімнің орынбасары Малика Бектұрованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ол еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан 2021 жылға дейін елорданың Инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жылды құрайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз