Ортағасырлық Бытығай қалашығынан табылған қыш құмыраның сыры ашылды

Бытығай қалашығы, қыш құмыра Сурет: pixabay
Ортағасырлық Бытығай қаласынан табылған қыш құмырадағы сұйықтық 700 жыл бойы бүлінбей сақталған. Отандық ғалымдар мұны Еуразия аумағында бұрын-соңды болмаған тың жаңалық деп бағалап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Еске салсақ, археологтар 2021 жылдың шілде айында Ақмола облысындағы Бытығай қалашығы маңында қазба жұмыстарын бастаған еді. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған қыл мойынды бүтін ыдыстың ішінде белдеуінен жоғары деңгейде толтырылған майға ұқсас қоңыр түсті сұйықтықтың құпиясы ашылды. Бұл туралы Qazaqtv ақпараттық порталы жазды.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Ғаниева құмырадағы сұйықтықтың құрамына арнайы сараптама жүргізу үшін қазба жұмыстары аяқталысымен, оның геологиялық зерттеу институтына жіберілгенін айтты.

Жақында қорытындысы келді, оның нәтижелері де бірегей. Көне құмырадағы ерекше сұйықтық кәдімгі битум болып шықты. Айнагүл Ғаниева

Мамандардың пайымынша, құмырадан табылған табиғи битум өндірістік мақсатта пайдаланылған. Қыш құмыраның биіктігі – 40 см, ені – 25 см шамасында, сыйымдылығы 6 литр. Ол ортағасырлық қала мәдениетінің үлгісіне тән бірегей мекеннің тас өңдеуге арналған шеберханасын барлау барысында табылды.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Серғазы Сәкеновтің айтуынша, 700 жыл бұрын жергілікті шеберлер мен зергерлер осы мұнай-химия саласындағы битумды өндірісте қолдана білген.

Битум қалай табылды? Оны жер астынан шахта арқылы алды ма? Қандай технологиямен алды деген сынды сұрақтар туындайды. Жәдігердің барлығы сол заманда технологиялардың дамығанын көрсетеді.Серғазы Сәкенов

Қазба жұмыстары кезінде шеберхана орнынан құмырадан бөлек, тас үгітуге арналған үш үлкен диірмен, кірпіш күйдіретін пеш, сырлы бояу әзірлейтін астау мен кірпіш қалдықтары табылған.

Бытығай кесенесі жобамен ХІІ-ХІІІ ғасырларға жатады. Ақмола облысы Қорғалжың ауданындағы Нұра өзенінің сол жақ жағалауында, Қорғалжың ауылынан 2,5 шақырым жерде орналасқан. Бұл нысан туралы деректер алғаш рет ХVII ғасырдан бастап кездеседі.

Сондай-ақ ол аумағы шамамен 35 гектарды алып жатқан Бытығай қалашығының кішгірім ғана бөлігі қазылғанын айтты. Оның айтуынша, келесі жылы бұл аумақта үлкен қазба жұмыстары жүргізіледі.

Қазба жұмыстары толық аяқталған соң Бытығай көне қалашығын қайта қалпына келтіру жоспарланған. Тарихи мекен туристік нысанға айналып, ашық аспан астындағы музей құрылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз