Гренландияның мұз қабаттарында мыңдаған жыл бұрын қатып қалған вирустар "еруде"

Зерттеу нәтижелері Microbiome ғылыми журналында жарияланды.
Бұл вирустар мұздың беткі қабаттарында, атап айтқанда, қара мұзда, қызыл қарда және криоконитте (органикалық-минералды шөгінділер) анықталды.
Мамандардың ерекше назарын Pandoravirus yedoma вирусы аударды, ол ерігеннен кейін амебаларды жұқтыру қабілетін сақтап қалған. Оның ұзындығы шамамен 1 микрометрге жетеді, ал геномында 2,5 миллионнан астам нуклеотид бар.
Ғаламдық жылыну нәтижесінде мұздықтар мен мәңгі тоңның жедел еруі басқа микроорганизмдердің босап шығуына әкелуі мүмкін. Мұндай патогендерге қарсы иммунитеттің болмауы жаңа инфекциялық қауіптердің пайда болу қаупін тудырады.
Бұған дейін Ердоғанның Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін айтқандығы жайлы жазған болатынбыз.