«Меркі – Шу – Бурылбайтал» тас жолының ұзындығы 257 км болатын бөлігінде қозғалыс ашылды
![Меркі – Шу тас жолы, Жамбыл облысы, көпір, тас жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 09:30](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-aefc0c26-f012-40f3-a96a-3e2fa8745732/800x533.webp)
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Тұрсынұлы Абдуллинмен бірге аталған жол аумағында болып, атқарылған жұмыстармен танысты.
![«Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолы, Жамбыл облысы, Шу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 09:30](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-277b91dc-ec44-44e1-8397-2937247f8fcc/800x451.webp)
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
![Шу, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 09:30](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-b26ce53a-173b-4fd0-9333-c06fd30c8afa/800x451.webp)
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл учаскенің ашылуы автокөлік қозғалысы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, елді мекендер арасындағы жол уақытын едәуір қысқартуға, Шу қаласының көше-жол желісіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.
![Шу, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 09:30](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-e62fec70-024e-409a-8fc8-11446eca9f09/800x451.webp)
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директоры Айжан Туғанованың айтуынша, ұзындығы 62 шақырымды құрайтын «Шу – Хантау» учаскесі жоспардан 6 ай бұрын толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
«Меркі-Шу» 7-90 шақырым және «Хантау – Бурылбайтал» 189-273 шақырым учаскелері бойынша бір бағытта қозғалыс қамтамасыз етілді, 4 көпір бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды толық аяқтау 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директоры Айжан Туғанова
Жалпы жобамен 6 көпір, темір жол арқылы өтетін 3 жол өтпесі, жарықтандырылатын 11 көлік айрығы, 9 жайластырылған демалыс алаңы және барлық елді мекендерде 34 автопавильон салу көзделген.
Жол жұмыстарына 800-ден астам жергілікті тұрғын мен 400-ден астам техника жұмылдырылған.А.Туғанова
Үкімет басшысының қолдауымен келер жылы «Шу – Благовещенка» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін қаражат бөліну мәселесі шешімін тапты.
![Шу, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 09:30](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-7341649b-e461-4e5e-9cc8-17ec44ac26fd/800x451.webp)
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бұл жобалардың маңыздылығын баса айтып, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінің аралығындағы, сонымен қатар көрші Қырғыз Республикасымен транзиттік әлеуетінің өсуін қамтасыз ететіндігін жеткізді.