Шу – Бурылбайтал жолының учаскесі 13 мамырдан бастап ақылы болады

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 13:54 Фото: Zakon.kz
ҚР Көлік министрінің м. а. "Шу – Бурылбайтал Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" 2025 жылғы 22 сәуірдегі бұйрықты бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта Шу – Бурылбайтал II санатты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы Мерке – Шу – Бурылбайтал автомобиль жолы ақылы негізде пайдаланылатындығы атап өтілді.

Мұнымен қоса, өткел баламалы жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: "Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Каншенгель – Ақсуйек – Бурылбайтал" автомобиль жолы.

Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 92+200 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 268+000 км.

Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 175 км 800 метр. Автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені, бір жолақ – кемінде 3,75 метр.

Учаскені ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл.

Бір бағыттағы жол жүру ақысы (АЕК – 2025 жылы 3932 теңге):

  • 16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бус тар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі – тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі – 1 213 теңгеге дейінгі (кейінгі төлем) және 1 032 теңгеге дейінгі (алдын ала төлем).
  • 32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бус тар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі – 2 446 теңгеге дейінгі (кейінгі төлем) және 2 083 теңгеге дейінгі (алдын ала төлем).
  • 32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар – 3 659 теңгеге дейін (кейінгі төлем) және 3 115 теңге (алдын ала төлем).
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі – 4 892 теңге (кейінгі төлем) және 4 156 теңге (алдын ала төлем).
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қыш тар – 6 105 теңге (кейінгі төлем) және 5 188 теңге (алдын ала төлем).

Бұл ретте жеңіл автомобильдер аталған учаскеде тегін жүре алады.

Сонымен қатар, жүргізушілер үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған. Ай сайынғы абонементтің құны көлік құралының түріне байланысты 1-ден 5 АЕК-ке дейін, ал жылдық абонементтің құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін.

Сондай-ақ, құжатта басқа жолмен баламалы өтуі жоқ іргелес елді мекендердің тізбесі бар:

  • Шу ауданы – Дружба және Киров ауылдары.
  • Мойынқұм ауданы – Айдарлы, Бірлік, Биназар, Хантау, Қияқты, Мирный ауылдары.

Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: