Қостанай облысындағы жол учаскесі 28 сәуірден бастап ақылы түрге ауысады

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 11:45 Фото: Zakon.kz
Көлік министрінің м. а. "Қостанай - Денисовка Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" 2025 жылғы 11 сәуірдегі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай – Денисовка учаскесі километр (бұдан әрі – км) 545+000 км – 385+000 км (А-22) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар I-б және II санатты Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.

Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Қостанай – Талапкер – Айсары – Костомар – Жосалы – Новонежинка – Озерное – Аманқарағай – Әулиекөл – Новоселовка – Диевка – Қосағал – Раздольное – Аралкөл – Уркаш – Алтынсарино – Адаевка – Бестобе – Ливановка – Денисовка" автомобиль жолы;

Автомобиль жолындағы жолақтардың саны – екі бағытта 2 және 1 жолақ.

ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 151 км;

Сонымен, төлем келесі ақылы учаске үшін төленеді:

  • Жеңіл автомобильдер - 0,0331 АЕК (130 теңге, кейінгі төлем), 0,0280 АЕК (110 теңге, алдын ала төлем);
  • 16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бус тар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі – тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі - 0,2645 (1040 теңге, кейінгі төлем), 0,2238 АЕК (879 теңге, алдын ала төлем);
  • 32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бус тар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі - 0,5341 (2100 теңге, кейінгі төлем), 0,4527 АЕК (1780 теңге, алдын ала төлем);
  • 32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар - 0,8011 ЕК (3150 теңге, кейінгі төлем), 0,6816 АЕК (2680 теңге, алдын ала төлем);
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі - 1,0682 (4200 теңге, кейінгі төлем), 0,9079 АЕК (3570 теңге, алдын ала төлем);
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қыш тар - 1,3327 (5240 теңге, кейінгі төлем), 1,1317 АЕК (4450 теңге, алдын ала төлем).

Сонымен қатар, ай мен жылға абоненттік төлем белгіленеді.

Жеңіл автомобильдер үшін 30 күнге абонемент құны көзделмеген, бір жылға 1 АЕК (2025 жылы 3932 теңге) құрайды.

Басқа көлік үшін бір айға – санатына қарай 2-ден 10 АЕК-ке дейін, бір жылға-20-дан 100 АЕК-ке дейін.

Бұйрық 2025 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: