Республикалық автожолдың тағы бір учаскесі ақылы болмақ
Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:
- "Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы" республикалық маңызы бар автожолының "Қызылорда – Жезқазған" учаскесі,
- "Жезқазған – Петропавловск" республикалық маңызы бар автожолының "Жезқазған – Арқалық" учаскесі,
- "Арқалық – Торғай" облыстық маңызы бар автожолы, "Торғай – Шеген – Ақшығанақ – Дүкен – Ырғыз" аудандық маңызы бар автожолы,
- "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент" республикалық маңызы бар автожолының "Ырғыз – Арал" учаскесі;
Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –1806+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1351+150 км;
Автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны – екі бағытта – бір жолақ;
Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 454 км 850 метр;
Сондай-ақ, жолдың ақылы учаскесі бойынша жол жүру ставкалары бекітілді.
Сонымен, ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері:
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері — 0,8478 АЕК (кейінгі төлем), 0,7205 АЕК (алдын ала төлем),
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері — 1,7145 АЕК (кейінгі төлем), 1,4572 АЕК (алдын ала төлем),
- 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар — 2,5623 АЕК (кейінгі төлем), 2,1777 АЕК (алдын ала төлем).
- Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері — 3,4290 АЕК (кейінгі төлем), 2,9144 АЕК (алдын ала төлем),
- Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар — 4,2768 АЕК (кейінгі төлем), 3,6349 АЕК (алдын ала төлем).
2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, айлық және жылдық жол жүру ақысы қарастырылған.
Бұйрық 2025 жылдың 26 қаңтарынан бастап енгізіледі.