Жаңалықтар тізбегі
0

Байқоңырдан OneWeb жерсеріктері бар «Союз» зымыраны ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 21:19 Сурет: "Росскосмос" баспасөз қызметі
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Фрегат" үдеткіш блогы мен OneWeb 36 байланыс жерсеріктері бар "Союз-2.1 б" зымыран-тасығыш көкке көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл ғарыш айлағынан 2021 жылы ресейлік зымырандардың 24 рет ұшырылуы болды, деп хабарлайды Роскосмос мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

200 шақырым биіктікте бас блоктан жерсеріктердің бөлініп шыққанына дейінгі ұшуы 10 минуттан аз уақытқа созылады, содан кейін Фрегат оларды 450 шақырымдағы белгіленген бөлікке дейін жеткізеді, содан кейін олар өз орбиталарына өздігінен жетеді.

Ұшыру тетігі 16:10-да іске қосылды. Қазірдің өзінде "Фрегат" үдеткіш блогы мен жерсеріктер бірлесе, орбиталық блок бөлімшесінен бөлініп шықты.

Телеметриялық ақпаратқа сәйкес, көтерілу кезіндегі байланыс, зымыранның ұшуы, сатының орбиталық блоктан толықтай ажырауы қалыпты режимде өтті. "Роскосмос" баспасөз қызметі

OneWeb төмен орбиталық топтама бүгінгісімен тағы 36 жерсерікке артып, оның саны 394-ке жетеді. Бұл ұшу One Web бағдарламасы аясында 12-іншісі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: