Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасы шамалы төмендеді

Әлеуметтік маңызды тауарлар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:54 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Премьер-министрі сайтының мәліметінше, қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев және т. б. баяндады.

Баға өсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:54

Сурет: primeminister.kz

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға төмендеді. Түркістан облысында 0,6%-ға, елордада 0,3%-ға, Шымкент қаласында және Маңғыстау облысында 0,2%-ға, Алматы қаласында және Қарағанды облысында 0,1%-ға бағаның төмендеуі тіркелді.

Үкіметтегі жиын, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:54

Сурет: primeminister.kz

Жалпы, республика бойынша көкөністер бағасының төмендеуі жалғасуда. Қалған басқа өнімдердің бағалары тұрақты. 2021 жылы 769,3 мың тонна өнімге, оның ішінде 684 мың тонна жұмсақ бидайға келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта 559 мың тонна немесе келісімшарт жасалған көлемнің 72,7%-ы жеткізілді.

Отырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:54

Сурет: primeminister.kz

Қазіргі таңда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілерінің атына 113 хабарлама жіберді, 16 тергеу жүргізді, өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 192 актісін жасады. Сауда үстемесін көтерудің 75 фактісі анықталды.

Биылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы республиканың барлық құс фабрикалары бойынша тауық жұмыртқасының бағасын 16%-ға – бір данасына 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін төмендетті.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету жұмысын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: