Алматыда балаларды ұрған тәрбиеші қайтыс болды

өз-өзіне қол жұмсаған тәрбиеші, тәрбиеші, балабақша Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларды ұрып-соққан тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі растады.

1979 жылы туған Б. есімді азаматша өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ істің мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.

27 желтоқсан күні Қазнетте балабақша тәрбиешісінің балаларды қалай ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады. Кейін бұл оқиғаның Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінде болғаны анықталды.

Балаларды ұрып-соғу дерегі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз