Жаңалықтар тізбегі
0

Бақытжан Сағынтаев Алматыда жаңа салынған заманауи мектептерді аралады

Жаңа мектеп, №205 мектеп, №206 мектеп, Алатау ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 11:13 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы қаласындағы Алатау және Наурызбай аудандарында жаңадан салынған №205 және №206 мектептерді аралады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл мектептерге оқушылар келесі тоқсаннан бастап қабылданады.

Айта кетерлігі, жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған кеңістіктік дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістіктері бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді. Қазіргі кезде оқушылардың тізімі жасалуда.

жаңа мектеп, Алматы, №205 мектеп, №206 мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 11:13

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жоба авторлары әр орынның ауқымдылығына қолжеткізуді мақсат етті. Бұған бал ұясы тәрізді кабинеттер есебінен қол жеткізілді. Бұл нысан үй-жайлардың барынша табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кең дәліздер мектеп ішінде еркін жүруге мүмкіндік береді.

Мұнда балалар мен мұғалімдердің жайлылығы үшін барлығы жасалған. Мектептерде спорт залдары, асхана, зертхана және басқа да сыныптар қарастырылған. Аумақтарда стадиондар орналасқан, барлық кеңістіктер барынша көгалдандырылған.

Алматы №205 мектеп, №206 мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 11:13

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыс сапарымен Алатау мен Наурызбай аудандарында бой көтерген 3300 балаға арналған №205 пен 206 жаңа мектепті араладым. Заманауи білім ошақтары типтік үлгідегі жоба бойынша салынбаған. Мұндай ғимараттарға қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды.Бақытжан Сағынтаев

Қала әкімі келер жылы осындай тағы 6 мектептің қолдануға берілетінін айтты.

Мектептер заманауи Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балалардың кіруі мен шығуы туралы хабарламалар алады. Үш жағынан кіретін жеке топтар қауіпсіз санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алматы, жаңа мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 11:13

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы, Алматыда ағымдағы жылы қалалық бюджет есебінен 18 оқу орны салынды, онда 11 563 оқушы орны құрылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: