Бақытжан Сағынтаев "Жыл мұғалімі" байқауының жеңімпазына пәтер кілтін табыстады
Алматыда "Жыл мұғалімі" байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Марапаттау рәсімі Almaty.tv телеарнасының тікелей эфирінінен көрсетілді.
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис педагогтарын құттықтап, "Жыл мұғалімі" байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен ақшалай гарнттарды тапсырды.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Жыл мұғалімі" қалалық байқауының Гран-при жүлдегері №133 мектептің оқытушысы Мақпал Шүкееваға екі бөлмелі пәтердің кілтін, ал 1 орынды жеңіп алған №140 мектеп-гимназияның оқытушысы Дәурен Сағынғалиевке көлік кілтін табыстады.
Қаланың педагогикалық қауымдастығын құттықтаған Алматы әкімі Б. Сағынтаев ұстаздардың ең мәртебелі миссия – өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беретінін атап өтті.
Еске сала кетейік, биыл қала мұғалімдерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударылады. Бүгінде жеңілдетілген несие беретін «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарлама аясында 187 жас мұғалім баспаналы болды.