Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы жаңа "Ялян" сауда үйінен өрт шықты

Ялян, өрт, базар жанды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 17:48 Сурет: Алматы ТЖД
Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма тас жолындағы жаңа "Ялян" 9/2 сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылғы 29 желтоқсанда 16 сағат 45 минутта Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Солтүстік айналма тас жолындағы жаңа "Ялян" 9/2 сауда үйі аумағында 2 контейнер жанған. 3 контейнер жоғары температурадан зақымдалған.

Өртті сөндіру және көршілес контейнерлерді қорғауға оқпандар енгізіліп, газ-түтіннен қорғау қызметі жұмыс істеді , өртті әрі қарай таралуын болдырмау үшін көрші контейнерлер кесіліп аршылды. Тілсіз жау 17:11-де ауыздықталып, 17:16-да толығымен жойылды.

Қабылданған шаралардың арқасында тауар сақталған басқа контейнерлер зардап шеккен жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: