Мемлекет басшысы өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды

Өлім жазасын жою Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, делінген Ақорда хабарламасында.

Заңға сәйкес, Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 11 баптың ішінен өлім жазасы жаза түрі ретінде, оның ішінде жазалау, тағайындау және жазаны ауыстыру жүйесі туралы баптардан алынып тасталады. Бұдан бөлек, мораторий кезіндегі жағдайлар мен қолданыс талаптарына сай өлім жазасы ұғымы туралы арнайы бап жойылады.

Өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 17 бабының санкциясынан алынып тасталады. Осылайша өмір бойы бас бостандығынан айыру ең қатаң жаза болып қала береді. Қылмыстық кодекске енгізілген толықтыруларға сәйкес, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады.

Депутаттар 23 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қабылдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз