Ресей Байқоңырдың бір бөлігін жалға алудан бас тартпақ
Сурет: Zakon.kz
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы 16 нысанды 2022 жылдың соңына дейін жалға алудан бас тартпақ, деп хабарлайды Zakon.kz
РИА Новости мәліметінше, Ресей ғарыш айлағының бір бөлігін жалға алуды тоқтатады. Бұл тізімге Мәскеу жалға алған 16 нысан кірді.
Тек жылжымайтын мүлік қана емес, ішіндегі мүлкі де кіреді. Оларды Қазақстанға бермес бұрын ресейлік кәсіпорындар есебінен шығару керек. Нысандарды Қазақстан тарапына беру 2022 жылдың соңына дейін жүргізіледі.
Бұған дейін "Роскосмостың" бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшыру кешендері санының алты есе қысқаруы туралы айтқан болатын. 25 жыл бұрын 18 ұшыру кешені болса, қазір үшеуі ғана қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript